Қарағанды облысында жол-көлік апатына ұшыраған шағын автобус қарсы бағытқа шығып кеткен - ІІМ басшысы

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, 8 мамыр күні сағат 01.15-те Қарағанды облысының Шет ауданында «Алматы - Екатеринбор» тас жолының 743 шақырымында «КамАЗ» бен «Ssang Yong» маркалы шағын автобус соқтығысты.
Жол-көлік апатының салдарынан шағын автобустың 14 жолаушысы мен жүргізушісі - Қырғызстанның азаматтары (жеке тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. Шағын автобустың тағы да екі жолаушысы мен «КамАЗ» жүргізушісі әртүрлі жарақатпен Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.
Министрдің сөзіне қарағанда, Қырғызстанның азаматтары шағын автобуста Қазақстанның аумағынан Ресейге аттанып бара жатқан. Оларды автобустың ішінде жолаушфлардың шамадан тыс артық болған үшін (15 адам) Балқаш қаласында тоқтатқан.
«Қазіргі уақытта тексеру амалдарын жүргізіп жатырмыз, қандай бір себептерге байланысты шағын автобус қарсы бағытқа шығып, «КамАЗ» көлігінің астына түскен. Қылмыстық іс қозғалды», -деді Қ. Қасымов.
Шағын автобустың техникалық жағдайы тексеріледі, бірқатар сараптама белгіленді, деп атап өтті министр.