Қарағанды облысында жолдар ашылды - ККМ
Сонымен қатар, 2011 жылғы 8 ақпанда сағат 14.20-дан бастап «РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы» автожолының «Қарағанды - Балқаш» учаскесінде (1492-1854 км) де көліктердің жол жүруіне рұқсат етілді.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.