Қарағанды облысында жұмыссыз жүрген ер адам жарты келіден астам героинмен ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында жұмыссыз жүрген ер адам жарты келіден астам героинмен ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

«Есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел шаралардың барысында Саран қаласының 36 жастағы тұрғыны ірі көлемде героинді сатып жібермекке әрекет еткені анықталды. кеше полиция қызметкерлері ер адамның үйіне барып, санкциялық тінту кезінде 520 грамнан астам героинді анықтап, тәркіледі», - делінген хабарламада.

Полициядан хабарланғандай, ер адам есірткіні әрі қарай сатып жіберу мақсатымен оны үйінде сақтағанын мойындады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кеткен жөн, қара базарда героиннің 1 грамы 10000 теңге тұрады.

Соңғы жаңалықтар