Қарағанды облысында жыл отбасын таңдайды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда алғаш рет «Жыл отбасы -2010» облыстық фестивалі өткізілуде.
None
None

Фестивальдің ұйымдастыру комитетінен хабарлағандай, конкурсқа облыстың түрлі аудандарынан жиырмадан астам отбасы өтініш беріп отыр. Солардың ішінен іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алты отбасы финалға шықты: үш отбасы - Қарағанды қаласынан, қалғандары - Шахтинск, Абай және Саран қалаларынан.

Жылдың үздік отбасы бүгін, қыркүйектің 3-і күні «Достар әлемі» қонақүй кешенінде өтетін қорытынды турда анықталмақ. Фестиваль ұйымдастырушылары сондай-ақ, отбасылық құндылықтары бар ең үлкен жанұяны анықтайтын «Жүректер үйлесімі» аталымын, отбасында ұлттық және рухани-адамгершілік дәстүрлерді сақтаған отбасыны анықтайтын «Жоғары отбасылық құндылықтар» аталымын, көп балалалы отбасыны анықтайтын «Ата-ана бақыты» аталымын және «Отбасыдағы және қоғамдық өмірдегі жетістіктері үшін берілетін «Айналадағы әлем» аталымын анықтап отыр.

«Шабыт» қоғамдық қоры ұйытқы болып отырған бұл фестивальдің мақсаты - отбасы мен некенің құндылығын арттыру, сондай-ақ отбасы институтын дамыту пен отбасылық құндылықтардың маңызына жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

Соңғы жаңалықтар