Қарағанды облысындағы «Азия Метиз» зауыты өнімнің жаңа түрін игеруде

None
None
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - «Азия Метиз» зауыты үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы арқасында кәсіпорынды жаңартып, өндірілетін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр,

деп хабарлады зауыт директоры Дмитрий Малахов pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Зауыт метизді өнімдер өндіруге мамандандырылған. Оның негізі тұтынушылары теміржолдың темір бетон шпалдарын өндіретін кәсіпорындар, машина жасау, құрылыс индустириясы, металлургия, тау-кен өнеркәсібі, мұнайгаз саласы кәсіпорындары болып табылады.

Өнімнің сұранымға ие болуына байланысты, құрылыста кеңінен пайдаланылатын  болат сымдар өндіру қолға алынды. Осылайша, кәсіпорынға түсетін қаржылық ауырлықты жеңілдетіп, оның одан әрі қарқынды дамуына жол ашатын шикізат сатып алуға субсидия бөлінді.

«Біз жаңа өнім игерудің келесі кезеңін бастаймыз. Бұл жобаны жүзеге асыру отандық метизді өнімді өндіруге, сөйтіп Елбасының импортты ауыстыру туралы тапсырмасын іске асыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады сөзін Д.Малахов.

Соңғы жаңалықтар
telegram