Қарағанды облысындағы базарлар 317,5 мың шаршы метр аумақты алып жатыр
Қалалық жерде орналасқан бір базарға 5 500 шаршы метр, ал ауылдық жерде орналасқан бір базарға 1 152 шаршы метр жерден келеді.
Облыстық статистика департаментінің мәлеметтері бойынша, облыста қазіргі таңда 66 базар және 11 000 сауда орындары жұмыс істейді және саны бойынша облыс Оңтүстік Қазақстан (132), Шығыс Қазақстан (94) және Алматы облысынан (79) кейін төртінші орында тұр.
«Аймақта түрлері бойынша - жабық базарлар (жалпы санның 50%-ы), арнайы тауар сату бойынша - әмбебап (61%), сату түрлері бойынша - бөлшек сауда (97%) базарлары бар. Базарлардың аумағында 49 павильон, 849 дүңгіршек, 1 796 шатыр және контейнер, 21 ветеренарлық санитарлы сараптама зертханалары орналасқан. Қаладағы бір сауда орталығында орта есеппен 193 сауда нүктелері болса, ауылдық жерлерде 34. Сауда орындарының негізгі бөлігі Қарағанды және Теміртау қалаларында 70%-ы немесе 7 753-і орналасқан», - деп сарапталған облыстық статистика департаментінде.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста 2010 жылдың 4 айы ішінде бөлшек сауда желісі арқылы 90,5 млрд. теңге көлеміндегі тауар сатылған, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға артық. Соның ішінде базарларда 20 млрд. теңгеге жуық тауар сатылған.