Қарағанды облысындағы «Экообраз» қоғамдық бірлестігі күн шамдарын орната бастады

Қоғамдық бірлестік хабарлағандай, алғашқы күн шамы Қарқаралыдағы №2 мектептің алдында орнатылды. Жалпы аймақтағы білім беру мекемелерінің жанында күн сәулесінен қуат алатын 10 шам орнату жоспарланып отыр.
«Біз Норвегиялық табиғат қорғау қоғамының және Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен «Шпаре»ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі халықаралық жобасы аясында жұмыс істеп отырмыз», - деді Қазақстандағы «Шпаре» жобасының үйлестірушісі Ирина Игнатович.
Оның айтуынша, осындай қуат алу көзінің құны 2,5 мың АҚШ долларын құрайды. «Оның қуаты бір түн бойы аумақты жарықтандырып тұруға жеткілікті. Егер күн қуаты жиналса, ол төрт тәулік жарық беріп тұруға шыдайды», - деді жобаның үйлестірушісі.
Жобаны жүзеге асыруға оқушылар мен ұстаздар ат салысуда, деп атап өтті И.Игнатович. Қазіргі таңда Қарқаралыдан басқа Шахан ауылындағы алаңда да осындай шамдар орнатылған.