Қарағанды облысындағы инфляцияның деңгейі - 2010 жылғы статистика

деп хабарлады облыстық статистика департаментінен.
«Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен. Облыстың тұтынушылық нарығындағы бағалар, алдыңғы айлармен салыстырғанда, 0,7 пайызға өскен, республикалық орташа көрсеткішпен шамалас», делінген статистика департаментінің ақпарында.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2010 жылдың 12 айында азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың баға индексі, сәйкесінше 109,7 және 104,8 пайызды құраған. Ең көп қымбаттаған өнімдер мыналар: жарма өнімдері - 44,8 пайызға, сәбіз - 64,5 пайызға, сарымсақ - 48,3 пайызға, пияз - 42,3 пайызға, темекі өнімдері - 29,8 пайызға, гүлдер 23,2 пайызға қымбаттаған.
Ал облыстағы ақылы қызмет көрсетулердің баға индексі 107,4 пайызды құраған, бұл республикалық көрсеткіштен - 106,8 пайыз - сәл жоғарылау. Оған қоса, былтыр өңірде көлік қызметтері - 22 пайызға, киім тігу, тазалау, жамап-жасқау, жалға беру қызметтері - 10,6 пайызға, аяқ киім жөндеу - 9,5 пайызға, шаштараз, құқықтық және медициналық қызметтер, тұрғын үйлерді жөндеу қызметтері 8,2 пайыздан 8,8 пайызға дейін қымбаттаған.
«Ал тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифтері былтыр 5,5 пайызға өскен, оның ішінде электр қуатының тарифі - 15,9 пайызға, кәріз қызметі - 4,7 пайызға, газ тарифі - 3,5 пайызға, суық су - 3,3 пайызға, қоқыс жинау - 2,1 пайызға көтерілген», - деп хабарлады облыстық статистика департаментінен.