Қарағанды облысындағы Құланөтпес ауылында бірнеше мекеме өртке кетті

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Құланөтпес ауылында бірнеше мемлекеттік және шаруашылық мекемелері отқа оранды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасының БАҚ-пен және жұртшылықпен байланыс бөліміне сілтеме жасап.Қаңтардың 12-сі күні Құланөтпес ауылында 1956 жылы салынған 2 қабатты әкімшілік ғимараты өртенді. Ағаш пен қамыстан тұрғызылып, сыртқы кірпішпен қапталған аумағы 360 шаршымтерлік ғимарат түгел жанып кетті. Онда ауылдық әкімдік, «Құланөтпес» ЖШС әкімшілігі, ауылдық кітапхана, «Қазақтелерадио» филиалы, Нұра аудандық пошта байланысы торабы, 300 нөмірлік АТС орналасқан болатын. Өрт таңертеңгі сағат 10-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуы себептері мен келтірілген зардап көлемі анықталуда.
Соңғы жаңалықтар