Қарағанды облысындағы шахтадағы оқиға бойынша тергеу басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында метанның таралуы мен үш кеншінің қаза табуына байланысты еңбекті қорғау қағидаларын бұзылу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚР ҚК 156-бабы 4-тармағы «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша үш адамның қаза табу фактісі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Бақытжан Құдияровтың айтуынша, қылмыстық іс топтық қайғылы жағдай фактісі бойынша ғана тергелуде. «Іс қандай да бір тұлғаға қатысты емес, факті бойынша тергелуде», - деді Бақытжан Құдияров.

Еске салайық, 31 тамыз күні 4 сағат 21 минутта 332 Д6-з № 1 желдеткіш түйісімінде (қазба жүргізгіш кеншар) Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенеттен көмір құлап, газ таралған. Апат кезінде шахтада түнгі ауысымдағы 136 адам болған, олар жер бетіне шығарылды. Апаттық учаскеде төрт шахтер жұмыс істеп жатқан. Үш жұмысшының өлі денесі табылды,

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі» РМК құтқарушылары төртінші кеншіні іздеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар