Қарағанды облысындағы Шоқай стансысында болған табиғи өрт салдарынан шаруашылық құрылысы бар тұрғын үй мен бос тұрған құрылыс ғимараты жанып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Осакаровка ауданындағы Шоқай стансында болған табиғи өрт салдарынан шаруашылық құрылысы бар тұрғын үй мен бос тұрған құрылыс ғимараты толығымен жанып кетті,
None
None

деп хабарлады сейсенбі, қыркүйектің 21-і күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«2010 жылғы қыркүйектің 20-сы күні, сағат 14.59-да өрт сөндіру байланысының қабылдау пунктіне Осакаровка ауданындағы Шоқай стансысында дала шөбі жанып жатқандығы туралы ақпарат түседі. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық алаңдағы шөп өртеніп, жалын шаруашылық құрылысы мен тұрғын үйді жалмаған», деп ақпараттандырды облыстық ТДЖ баспасөз қызметі. Өрт салдарынан құрылыстың 300 шаршы метрі мен шөптің 2 гектары жанып кеткен.

Өрт сол күні, сағат 19.25-те сөндірілді. Жалынды ауыздықтау үшін Ғ.Мұсатфин атындағы кенттің, Осакаровка және Теміртау қалаларының бес автотіркемелері, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі техникасы және жеке құрамындағы 28 қызметкері, ерікті 50 адам мен үш техника, сонымен қатар Қарағанды стансысынан келген өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

«Жалын шаруашылық құрылысы бар тұрғын үй мен бос тұрған бір құрылыс ғимаратын толықтай жойып кетті. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, өрттің себебі абайсыздықтан болған», - деп толықтырды облыстық ТДЖ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар