Қарағанды облысындағы су тасқыны қаупі сейілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының су тасқынының ең қауіпті кезеңінен өткенін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Ынтымақ қоймасынан жіберілетін судың көлемі секундына 750 текше метрден 400-ге дейін азайды. Ал Шерубай-Нұра қоймасында 487-ден 256 текше метрге дейін қысқарып отыр.

«Дәл осы екі қоймадан Нұра өзеніне су көп келеді. Қазір ол жерде жіберілетін судың мөлшері айтарлықтай азайды. Бас кезінде екі қойманы бірге санағада секундына 1 000 текше метрден астам су жіберіліп тұрды. Қазір ол көрсеткіш 656 текше метрге азайып отыр. Сондықтан Нұра өзені бойындағы жағдай тұрақталды деуге болады. Ал Қарағанды облысы бойынша су тасқынының ең қауіпті кезеңі артта қалды», - деді В.Беккер Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысында Жабай мен Колутон өзендерінің суы күрт көтеріліп кетті. Ал Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылдың тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар