Қарағанды облысындағы туристік фирмалар кірістерін екі есеге ұлғайтты - статистка

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында Қарағанды облысындағы туристік фирмалар 557,2 млн. теңге көлеміндегі жолдамаларды жүзеге асырған, бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерді екі еселеп отыр, деп хабарлайды облыстық статистка департаменті.
None
None

Департаменттің мәліметтері бойынша туристік фирмалар 7900 адамға қызмет көрсеткен, былтырғы жылдың алты айымен салыстырсақ бұл 40 пайызға көп. «2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Қарағанды облысынан Қазақстанның сыртқы аумағына 5600 адам шыққан (былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға артық). Саяхатшылардың ең көп аттанған елдері Түркия (56,2 пайыз), Германия (15,8 пайыз), Қытай (9,1 пайыз), Біріккен Араб Әмірліктері (6,7 пайыз) болып табылады. Ел ішіндегі туризмнің дамуы былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен қарағанда 2,2 есеге артып, 2300 адамды құраған», - деп ақпараттандырды облыстық статистика департаменті.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша 78 туристік фирма жұмыс істейді екен, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 61 фирма облыс орталығында, 12 фирма Теміртау қаласында, үш туристік фирма Жезқазған қаласында, Балқаш жәге Қарқаралы аудандарында бір фирмадан жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар