Қарағанды облысындағы жолдар қардан тазаланып жатыр, құтқарушылар халықтан жол сапарларын кейінге қалдыруды сұрайды

ҚАРАҒАНДЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының құтқарушылары халыққа боран кезінде автокөлікпен жолға шықпауды ескертеді.
None
None

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына жолда абай болып, автокөлік қозғалысын, әсіресе жергілікті маңыздағы жолдарда көлік қозғалысын шектеуді сұрайды. Сонымен қатар халықтың ауа райының мәліметімен таныс болып отырғандары абзал», - делінген ведомство баспасөз қызметінің бүгін таратып отырған хабарламасында.

Соңғы күндері автокөлік жолдары жиі жабылып отырғанына қарамастан, жолда қалған адамдарды құтқарып, көліктерді қардан тазалауға тура келіп жатыр, дейді құтқарушылар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін түнде «Қызылорда-Павлодар» автожолының 710-шақырымында 20 жеңіл автокөлік қар кептелісінде қалып қойды. «Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жаңаарқа ауданы әкімдігінің көмегі арқасында жолдар қардан тазаланды. 8 ақпан күнгі таңғы сағат 5.00-ге қарай қозғалыс қалпына келтірілді», - деп атап өтті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар