Қарағанды облысындағы жолдарда қоғамдық және жүк көліктеріне шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының жолдарында күннің күрт суытуына байланысты қоғамдық және жүк көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.
None

«Қарағанды облысында сағат 22:00-ден бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты барлық бағыттар бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы шектелді»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін еліміздің басым бөлігінде 29 градусқа дейін аяз болатыны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар