Қарағанды облысындағы жолдарда жағдай тұрақталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында барлық бағытта көлік қозғалысы ашылды.
None
None

ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы атап өткендей, өткізу пунктінде көліктің шектен тыс көп болуына байланысты 30 желтоқсаннан бастап Қарағанды қаласынан Астана қаласына қозғалыс Киев елді мекені арқылы жіберілген. Астана қаласынан көлік құралдары қозғалысы «Екатеринбор-Алматы» жолы бойынша жүзеге асырылады.

Қарағанды қаласынан 31 желтоқсанда 02.30-дан бастап барлық көлік түрлеріне жол ашылды.

Қазіргі уақыта облыс аумағында қар құрсауынан 570 адам құтарылды, оның 24-і балалар, 840 адам эвакуацияланды, оның 9-ы балалар, сондай-ақ қарға малтыққан 550 техника шығарылды.

Жол тазалауға барлығы 109 техника тартылды.

Жолдарда авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар аяқталды.

2015 жылғы 29 желтоқсанда жолда қалған адамдарды Қарағандыдан темір жол көлігімен Алматыға жіберуді ұйымдастыру шешімі қабылданды. Олардың саны шамамен 930-ды құрайды.

Әзірге Абай, Осакаровка, Шет, Бұқар жырау аудандарының жекелеген ауылдық округтері аумағында жергілікті сипатта жарияланған төтенше жағдай өз күшінде.

Соңғы жаңалықтар