21:45, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімдігі мен ірі кәсіпорындар әлеуметтік тұрақтылық туралы меморандум жасасты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігі мен аймақтың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары өңірдегі экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 2015 жылы Үкімет бизнесті қолдау бойынша шара қабылдағанын еске салды. «Тиісті жоспар аясында өңіріміздің 6 кәсіпорны қолдауға ие болды», - деп атап өтті ол.
Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, биыл аймақтың 51 кәсіпорны көмекке мұқтаж мекемелер тізіміне кірді.
Жергілікті өнім өндірісін дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары 52,2 млрд. теңгенің тауарын, жұмысын және қызметін сатып алу арқылы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға дайын екенін білдірді.
Билік ақпаратынша, қазір облыста әкімдіктер, жұмыс берушілер және кәсіби одақтар арасында шамамен 3000 меморандумға қол қойылды.