Қарағанды облысының әкімі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен бірқатар проблемаларды талқылады

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Кеңесте ағымдағы жылдағы кәсіпорын жұмыстарының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы әңгіме болды. Сонымен қатар, бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды.
«Біздердің алдымызда Мемлекет басшысы белгілеп берген елімізді жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамыту бойынша үлкен міндеттер тұр. Бұл жерде металлургия, тау-кен металлургиясы салаларына және әрине, біздің металлургия комбинатымызға үлкен мән беріледі», - деді С.Ахметов. Аймақ басшысының пікірінше, өндірістің қазіргі көлемін сақтау және оны бірте-бірте ұлғайту үшін компанияға өндірісті жаңарту мен дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспарын әзірлеу қажет.
Сонымен қатар, әкім қазақстандық үлесті ұлғайту бағдарламасын іске асырудағы компанияның ұстанымын сынға алды. «Мен комбинаттың сатып алуларымен толық танысып шықтым. Сіздер соңғы шегеге дейін шетелден сатып алуға тырысасыздар! Комбинат өз ұстанымын қайта қарауы және жергілікті қарағандылық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Қарағанды облысының аумағындағы өзіміздің өндірісімізді дамытуға көмектесу қажет», - деді С.Ахметов.