Қарағанды облысының әкімі Балқаш пен Приозерскіде азық-түлікке бағаның өскенін айтты

ҚАРАҒАНДЫ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жұмыс сапарымен Балқаш қаласына және Ақтоғай ауданына барды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Өңір басшысы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады. Саяқ кентінде облыс әкімі «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС шағын қазандығының жұмысымен танысты. Ол сондай-ақ кенттің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Балқаш қаласында Б. Әбдішев өткен жылы «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасына енген бірнеше үйлерді аралады.

Жұмыс сапары аясында облыс басшысы Балқаш, Приозерск және Ақтоғай аудандарының активімен жиналыс өткізді.

«Б. Әбдішев аталған өңірлердің басшыларының назарын өзекті проблемаларға аударды. Мәселен Балқашта өткен жылдың желтоқсан айында азық-түліктің 15 түріне баға өскен. Жылу беру маусымы басталғаннан кейін Балқаш ЖЭО-да қазандықтардың жұмысы апатты жағдайда 8 рет тоқтатылды. Приозерскіде өткен жылдың соңында азық-түліктің 6 түріне баға өсіміне жол берілген. Орталық қазандықта мазут қоры нормативке сай емес», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өңір басшысы Ақтоғай ауданындағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуына қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Осы уақытқа дейін ауданнан Индустрияландыру картасына бірде бір жоба ұсынылмады, деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар