Қарағанды облысының әкімі Еркіндік ауылы тұрғындарының жиынын өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков сібір жарасы індеті шыққан Шет ауданындағы Еркіндік ауылы тұрғындарының жиынын өткізді. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Ветеринария, ветеринариялық инспекция, тұтынушыларды қорғау департаменті, жергілікті полиция қызметтері жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады. Тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап қайтарылды», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі түйнемеден көз жұмған отбасыларда болып, көңіл айтты.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында сібір жарасына байланысты төтенше жағдай енгізілді. 15 күн мерзімге карантин жарияланды. Анықталғанындай, ауыл тұрғыны сібір жарасына шалдыққан сиырын сойып, туыстары мен көршілеріне таратып берген.

Төтенше жағдай фактісі бойынша ҚР ҚК 1-бөлімі 327-ші бабы бойынша (Індеттің таралуына немесе басқа да ауыр салдарларға соқтырған ветринария ережелерін бұзу) соталды тергеу ісі қозғалды.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 19-21 маусым аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түйнемеге күдікті 8 адам жатқызылған, оның ішінде 10 жастағы бала бар. Олардың екеуі - 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам қайтыс болды. Олардың бәрі де Шет ауданындағы Еркіндік ауылының тұрғындары. Кейінірек тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар