Қарағанды облысының әкімі Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне орай салтанатты қабылдау өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин бүгін Наурыздың 8-і – Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне орай салтанатты қабылдау өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оған облыстың түрлі аймақтарынан 30 өкіл, сондай-ақ еңбек ардагерлері қатысты.«Әйелдерге құрмет көрсету дәстүрі біздің халқымызға тән және ол егемен еліміздің мемлекеттік саясатында көрініс тапты. Осыған байланысты әлемде елдің дамуын анықтайтын көптеген талаптар бар, алайда қай уақытта да әйелдерге деген адамгершілік қатынастарды, олардың құқықтарын жетілдіру, мүдделерін қорғау ? ең басты өлшем болып қалып отырғандығы жөнінде айтқан Мемлекет басшысының сөзін еске салғым келіп отыр, ? деді Н.Нығматулин. ? Әйелдердің мүдделерін қорғауға Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы бағытталған. Биыл өзінің 10 жылдығын атап өткелі отырған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия табысты жұмыс істеуде. Жылдан-жылға жас және көп балалы отбасыларға, ана мен бала денсаулығын сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету күшейтілуде».Облыс әкімі бір топ көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» омырау белгілерін, ал қоғамдық-саяси өмірге ең белсенді қатысушыларға ? ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссияның және облыс әкімінің Құрмет грамоталарын тапсырды. «Алтын алқа» омырау белгісіне Ұлытау ауданының тұрғыны Айша Дүкембаева ие болды. «Күміс алқа» омырау белгісін қарағандылық Светлана Дебирова, Шет ауданының тұрғыны Райхан Дүйсембаева және Шахтинск қаласының тұрғыны Жаңылдық Оспанова алды. Бүгін Қарағандыда Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт болды.
Соңғы жаңалықтар