Қарағанды облысының әкімі Қарқаралы ауданының су басқан кенттерінде болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарқаралы ауданында болып, селге қатысты туындаған жағдайдың жай-жапсарын барлады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

«Облыс әкімі Ынталы, Матақ, Көктас, Тегісшілдік ауылдарында және Восток кентінде болып, су басқан үйлерді, аулалар аумағын байқап, тұрғындармен әңгімелесті», делінген хабарламада. Матақ ауылында жағдай тұрақталды, су басу қаупі қазір жоқ екені аталып өтілді. Ынталы ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іске жергілікті атқарушы билік органдары мен Қарқаралы ауданының ТЖ бөлімінің 10 қызметкері және 4 техникасы тартылды. Н. Әбдібеков аудан әкімі мен тиісті қызмет басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. «Қауіпсіз жерге шығарылған ірі қараны орналастыру, оларды жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жағдай жасап жатырмыз. Алдағы уақытта бүлінген мүлікті қалпына келтіру бойынша шаруалар атқарылады. Жақын арада мұнда жағдай тұрақталады деп үміттенемін», - деді облыс әкімі журналистерге берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар