02:11, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі қыс бойы бір күрткемен жүреді
Қарағанды ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің жеке бюджетін қалай үнемдейтінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әрине, үнемдеуге тура келеді. Менің екі ұлым ер жетті, олар жұмыс істейді, өздері ақша табады. Егер мен бұрын аздап көмектесуге тырыссам, қазір өкінішке орай ондай мүмкіндік шектеулі»,-деді Н. Әбдібеков Орталық коммуникациялық қызметтің облыстық филиалында өткен брифингте.
«Егер назар салған болсаңыздар, күзде бір күртке киген едім, сонымен қыс бойы жүрмін. Басқасы жоқ».
Оның айтуынша, итальяндық сыртқы киімді жергілікті әмбебап дүкеннен сатып алған.
«Зайыбыммен бірге дүкенге барамын, арзандауын таңдаймын. Түскі тамақты үйден ішемін, ешқандай мейрамханаға бармаймын. Қазіргі уақытта кешкі тамақты ішпеуге тырысамын. Білетіндердің айтуынша, бұл өзіңді сергек те жеңіл сезінуге көмектеседі», деп қосты өңір басшысы.