Қарағанды облысының әкімі қысқа даярлықтағы барлық кемшіліктерді жоюды талап етті

деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңесте өмірлік маңызды нысандарды, ауруханаларды, мектептерді, балабақшаларды, басқа да әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қысқа даярлау негізінен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп отырғаны аталып өтті.
Алайда аймақ басшысы бірқатар проблемалық мәселелерді белгіледі. «Алдағы жаңа жылыту маусымына даярлыққа арналған қаражат өткен жылға қарағанда айтарлықтай көп бөлінді, сондықтан жұмыс қарқыны да өткен жылғыдан жоғары болуы тиіс, - деді облыс әкімі. - Алайда іс жүзінде бұлай болып отырған жоқ, Жезқазған жылу электр стансысындағы сияқты кестеден қалу жағдайлары орын алған. Ондағы стансы директорын қызметінен босатуға тура келді. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС осы энергетика кәсіпорындарына даярлық үшін айтарлықтай мол қаражат бөлген болатын».
Н.Нығматулин барлық жұмыстардың өз мерзімінде және сапалы жүргізілуі үшін қатаң бақылау орнатуды талап етті және уәкілетті бақылаушы органдарға тиісті тапсырма берді.