Қарағанды облысының әкімі отандық өндірушілер тіккен костюм сатып алды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің гардеробы шымкенттік «Алтын Адам» фабрикасында тігілген костюммен толықты, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
None
None

«Қазақстанның шенеуніктер ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып, отандық өндірушілер тіккен киімдерді сатып ала бастады. Бұл қызметті көрсетуге «Алтын Адам» фабрикасы әзір. Акцияның алғашқы қатысушысы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков болды. Ол «My President» жаңа коллекциясынан өзіне костюм сатып алды», - делінген хабарламада.

Фабрика өкілдері өз өнімдерін таныстыру үшін Қарағандыға келді. Костюм алдын ала өлшемей-ақ әкімге тура келді.

Әкім гардеробында басқа да отандық костюмдер бар ма деген сұраққа жауап ала алмадық. «Әкімнің қанша костюмі бар екенін білу маңызды деп ойламаймын», - деп мәлімдеді телефон арқылы сөйлескен баспасөз басшысы Ольга Кабаргина.

Соңғы жаңалықтар