Қарағанды облысының әкімі рейтингі төмен «Білімал» жүйесін сынға алды

«Білімал» жобасы жүйелі мониторингті басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге және оны жүргізуге жаңа тәсілдерді іске асыруға мүмкіндік береді, алайда порталдың рейтингісі өте төмен. Тұрақты пайдаланушылар күніне 100 адамға жетпейді», - деп мәлімдеді өңір басшысы, білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі сөйлеген сөзінде.
Н. Әбдібеков білім беру басшыларына, қала мен аудандар әкімдеріне жүйе жұмысын жетілдіруді тапсырды. «Білімал» оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасында танымал, рейтингі жоғары болуы тиіс», - деді облыс әкімі. Қарағанды облысы республикада алғашқылардың бірі болып, «Білімал» жүйесін енгізді. Бағдарлама статистикалық дерекқордың шашыраңқы электрондық базасын бірыңғай білім беру қорына біріктіру үшін қолға алынған. Бүгінгі күні Қарағандыда автоматты режімде есептілік жүйесіне көшу үрдісі жүзеге асырылады. Ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта электрондық деректер қорында қаланың 79 мектебінен 5000 педагог, 51 мың оқушы туралы ақпарат бар.