16:30, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі Тәжікстанмен ынтымақтастықты дамытуды ұсынды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР-дағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ализода Назирмад Қарағанды облысына болып, аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесті.

«Облыстағы кәсіпорындардың өнімдері, соның ішінде мыс, көмір, қара металлдар мен олардан жасалған бұйымдар әлемнің 40-тан астам еліне, соның ішінде Тәжікстанға экспортталады. Өңірдің Тәжікстанмен арадағы ішкі сауда айналымы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 4,2 млн долларды құрады. Сіздің еліңізбен көпжоспарлы қатынасты дамытуға көңіл бөлеміз. Бізді сіздердің еліңізбен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қызықтырады», - деді облыс әкімі.
Ол «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының қызметі туралы кеңірек баяндады.
«Оның негізгі міндеті - тікелей шетелдік инвестицияны және озық әлемдік технологияны тарту, жаңа өнім түрлерін құру және өндіру, экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамыту», - деді Н. Әбдібеков.