13:58, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданында болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданында болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аймақ басшысы алдымен Үштөбе селолық округындағы Ақжарық негізгі білім беретін мектебінде болды. Білім ошағының материалдық-техникалық базасын көріп, "Қарлығаш" шағын орталығының жұмысымен танысты. Аталған мектепте 90 шәкірт білім алуда. Таяуда білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы мақсатта "Сарыарқа" ӘКК тарапынан 37 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ жұмыс сапары барысында өңір басшысы Үштөбеде орналасқан "Авиациялық оқу-жаттығу орталығы", "Қарағанды нан компаниясы", "Нұр кабель" серіктестіктерінде болды. Сапарын қорытындылаған облыс әкімі Бауыржан Әбдішев аудан әкімі Нұркен Кобжановқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында бiрқатар нақты тапсырмалар бердi.