Қарағанды облысының «ауғандық» сарбаздары жауынгерлерді еске алу күнін белгілеп, оны ақпанның 15-інде атап өтуді ұсынады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысы әкімдігінде облыс әкімі атынан «ауған» жауынгерлерін салтанатты қабылдау болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оған аймақтың барлық қалалары мен аудандарынан 40 адам шақырылды. «Ауған жерінде болған қарағандылықтар өздерінің әскери борыштарын адал атқарды. Олардың кез-келгенін батыр деп айтуға болады. Жауынгерлердің барлығы түгелдей туған отанына орала алмады, олардың орнын толтыру мүмкін емес. Дегенмен, жауынгер достарымыздың есімдері мен олардың ерліктері біздің жадымызда мәңгілік сақталады», - деді кездесуді ашқан облыс әкімінің міндетін атқарушы Берік Камалиев. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 1860 Ауған соғысының ардагерлері тұрады. Олардың көпшілігі қоғамдық өмірге белсенділікпен қатысып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді, деп атап өтілді кездесуде.«Ауған соғысы ардагерлерінің Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілия Ахметов Ауған соғысына қатысқан жерлестерінің көзсіз ерліктеріне, сондай-ақ, өзі жетекшілік ететін ұйымның атқарып келе жатқан қызметіне тоқталды. Интернационалдық міндетін орындау барысында қаза болған Владимир Сарайскийдің анасы Лилия Попова-Сарайская мен сол соғыстың құрбаны Сергей Коцоевтің әкесі ? Инвар Коцоев Ауған соғысынан оралмай қалған жауынгерлердің отбасыларына көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін облыс басшысының атына алғыс сөздерін айтты.Жезқазғандық ардагерлер қаруластарын еске алу күнін белгілеп, оны ақпанның 15-інде ресми түрде атап өту туралы ойларын ортаға салды және бұл туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жасау қажет деп ұйғарды. Б.Камалиев кездесуге қатысушылардың барлық тілектері және «ауған» ардагерлері мен қайтыс болғандардың отбасыларының өтініштерін, алдағы уақытта жергілікті атқару органдары түгелдей ескеретін болады деп сендірді. Интернационалист-жауынгерлер мемориалын аяқтауды шапшаңдатуға уәде берілді. Қабылдау концерттік бағдарламамен аяқталды. Кездесуге қатысушылардың барлығы да облыс әкімі атынан естелік сыйлықтар алды.
Соңғы жаңалықтар