19:42, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысының барлық ірі кәсіпорындарындағы жағдай тұрақты
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 20-ы. /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллиннің өкімімен аймақ кәсіпорындары еңбеккерлерінің жұмыстан босап қалуы мүмкіндігінің болжамдық картасы мониторингісі бойынша жұмыс тобы бекітілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлағанындай, жұмыс тобының отырысында жұмыстан босатуды жоспарлағпан немесе өндіріс көлемін қысқарту туралы шешім қабылдаған бірқатар кәсіпорындарға қатысты мәселелер қаралды. «Эфес» ЖШС, «Морделикатес» ЖШС, Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты, №1-ші Машзауыт, «Қарағанды ағаш өңдеу зауыты» АҚ сияқты кәсіпорындарға байланысты өндірісті тұрақтандыру жөнінде нақты шаралар қабылданды», - деп түсініктеме береді басқармада.
Бұдан басқа, жұмыс тобының өкілдері көшпелі отырыстар өткізіп, «Имсталькон» АҚ-ның да мәселелерін қарады. Нәтижесінде, кәсіпорынның тапсырыс алу қоржынының толыға түскені және жұмыс орнын қысқартудың көзделмегені белгілі болды.«Бүгінде, облыста мониторинг жүргізілген 197 ірі кәсіпорындағы ахуал тұрақты деп, танылды. Меморандумда көрсетілген барлық шаралар толығымен орындалуда», - деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Қарағанды облысында 2009-2010 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілген. Бұған дейін хабарланғанындай, облыс кәсіпорындары еңбеккерлерінің жұмыстан босап қалуы мүмкіндігін зерттейтін аймақтық болжам картасы жасалды, ол облыстың бюджеттік мүмкіндігі мен 2009 жылғы республикалық бюджет трансферттерін қадағалап отырады және түрлі жағдайдың алдын алу, халықты еңбекпен қамтамасыз ету жөнінде жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.