Қарағанды облысының бас сандәрігері эпидахуал нашарлаған жағдайда өңірді не күтіп тұрғанын айтты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин өңірдегі коронавирус ауруының жағдайы туралы айтып берді. Оның айтуынша, облыста симптоматикалық науқастар арта түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Соңғы уақытта Қарағанды облысында симптоматикалық науқастар саны арта түсті. Бүгінгі таңда қоршаған ортада вирустың қарқынды айналымы жүріп жатыр. Жағдай күрделене түсіп, аурушаңдықтың өсуі байқалуда. Осы орайда Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

- КВИ аурушаңдығының өсуіне не себеп болып отыр?

- Ақпан айымен салыстырғанда, наурызда аурушаңдықтың өсімі 36% құрады.

Оған мерекелік күндері шектеу шараларының бұзылуы себеп болып отыр. Мерекеге дейін мүлдем басқа статистика болды. Эпидпроцестің нашарлауын көріп отырмыз. ПТР-зерттеулерді анықтау бір апта ішінде 3,8-ден 4,9%-ға дейін артты. Адамдар симптомдармен келіп түседі, жәнеде зертханалық түрде оларда коронавирус расталады.

- Қандай жас санатында індет жұқтырғандар саны көбірек?

- 30-49 жастағы адамдар саны басымырақ. Олар 33% құрайды. 60 жастан асқандар - 20%. Әрі қарай 14 жасқа дейінгі балалар – тіркелген жағдайлардың жалпы санының 19%. Білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың дерт жұқтыру саны артып келеді. Бұл дегеніміз, кішкентайбалалар ата-аналарымен бірге адамдар көп жиналатын орындарға барады немесе жаппай отбасылық мерекелерге қатысады.

- Қандай әлеуметтік топтарда инфекцияның ең көп өсуі байқалады?

- Ауырғандардың арасында үй шаруасындағы әйелдер басым - 19%. Зейнеткерлерге 18,5% тиесілі. ЖК және ЖШС қызметкерлерінің арасында да аурушаңдық артып, 13% құрап отыр, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмыскерлері 8% құрады. Қазіргі уақытта халықтың жұмыс істемейтін бөлігі инфекцияға өте сезімтал. Бос уақытында осы санаттағы адамдар ірі дүкендерге, базарларға, көпшілік

жиналатын орындарға барады, автобустармен жүреді, ұзақ уақыт жабық бөлмелерде болады.

- Облыста коронавирустың жаңа штамдары тіркелді ме?

- Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияның айналымдағы штамдарына тұрақты түрде зерттеулер жүргізуде. ДДҰ-мен бірлесіп коронавирус штаммдарын анықтауға экспресс-ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының Референс-зертханасы оң нәтиже көрсеткен зертханалық үлгілерді зерделеді, олар республиканың барлық облыстарынан жинақталды. Зерттеу нәтижелері бойынша британдық, оңтүстік африкалық және бразилиялық штамдарға тән мутация ықтималдығы анықталды.

Мутацияның болуын және ол штаммдардың біріне жататынын түпкілікті растау бір ай ішінде айқындалатын болады. Гамалей эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, «Спутник-V» вакцинасын британдық және «жабайы» штамға қарсы қолдану тиімділігі дәлелденді.

- Қарағанды облысының өңірлері бойынша сырқаттанушылық

статистикасын келтірсеңіз. Ең көп жұқтырғандар қай аймақтарда?

- Статистика тәулік сайын өзгеріп отырады. Облыс бойынша

сырқаттанушылықтың басым бөлігі Қарағанды мен Теміртауға тиесілі деп сеніммен айта аламын. Бұл ретте кеншілер шаһарында – 50%-дан астам. Бұл облыс орталығында тұратын адамдардың көптігіне байланысты.

- Шектеу шаралары күшейтіле ме?

- Әзірге облыс «сары» аймақта. Эпиджағдай қалай дамитынын біз білмейміз. Барлығы жұқтырғандардың санына байланысты болады. Қазір мерекелік демалыстан кейін инкубациялық кезең өтіп жатыр. Сонымен қатар, британдық штамм жоғары жұқпалылықпен ерекшеленеді. Бұл ретте, қарағандылықтарға айтарым, шектеу шараларын енгізу санитарлық дәрігерлерге байланысты емес. Егер өңір «қызыл» аймаққа енсе, біз ауруды

азайту үшін шаралар қабылдауға мәжбүр боламыз.

- Қарағанды облысының тұрғындарына қандай ұсыныстар айтар едіңіз?

- Ұсынымдар бұрынғыдай: маска кию, қолды антисептикпен өңдеу немесе сабынмен жуу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдардың көптеп жиналмауы. Масканы дұрыс кию керек. Қорғаныс құралы мұрынды жауып тұруы қажет.

Әрине, барлық жұрт шаршады және осындай қарапайым ұсыныстарды орындауды тоқтатып та жатыр. Бірақ онсыз біз қалыпты өмірге орала алмаймыз.

Тағы бір маңызды мәселе: дәрігерге уақтылы жүгіну керек. Қазір ЖРВИ маусымы, сондықтан симптомдарды шатастыру оңай. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыздар. Себебі құр босқа уақыт жоғалтып, ауруды асақындырып алуларыңыз ықтимал. Көптеген адамдар өкпеде патологиялық процесс дамыған кезде ғана медициналық мекемелерге жүгінеді.

Сұхбатыңызға көп рахмет!


Соңғы жаңалықтар