Қарағанды облысының басшысы кадрлық ауыс-түйістер туралы мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Бауыржан Әбдішев актив жиынын өткізіп, өңірдегі кадрлық ауыс-түйістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аймақ басшысының өкімімен Гүлнарайым Қаңтарбекова Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен босатылып, Саран қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болып тағайындалды.

«Саран қаласында 2013 жылдың қазан айынан аталған қызмет бос болған. Сәйкесінше қордаланып қалған көптеген өзекті мәселелер жиналып қалды. Облыстық құрылымдардың басшылық қызметінде мол тәжірибе жинақтағандықтан, жаңа қызметте оның Саран қаласының әлеуметтік саласын жаңа сатыға көтеретініне сенімдімін»,- деді аймақ басшысы актив жиынында.

Гүлнарайым Қаңтарбекова мемлекеттік қызметте жиырма жылдан артық қызмет атқарып келеді. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, облыстық ішкі саясат саласында жауапты лауазымдарда болған. Бөлім меңгерушісінен бастап басқарма басшысы қызметіне дейін көтерілген.

Аймақ басшысы жаңа лауазымында сәттілік тілеп, Гүлнарайым Хасенқызына Алғыс хат табыстады.

Соңғы жаңалықтар