Қарағанды облысының басшысы мен Беларус Республикасының вице-премьері іскерлік байланысты дамытудың келешегін талқылады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 26-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Беларус Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Владимир Семашко жетекшілік еткен делегация Қазақстанға жұмыс сапары ауқымында, бүгін Қарағанды облысында болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Делегация құрамында - өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктерінің жетекшілері, сондай-ақ, «Белнефтехим», «Бобруйскагромаш», «БелАЗ», «Белшина», «Беллесбумпром», «Белгоспищепром» секілді кәсіпорындардың да өкілдері болды. Кездесу барысында премьер іскерлік байланысты дамытудың келешегін талқылады. Оған Қарағанды жағынан ірі компаниялар мен өндірістік кәсіпорындардың, мемлекеттік басқармалардың басшылары қатысты. Облыс әкімі Нұрлан Нығматуллин қонақтарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. «Дәл қазіргі күндері облыс кәсіпорындары өз өнімдерін әлемнің 92 еліне шығарады. 2008 жылы сыртқы сауда айналымы 12 млрд., оң сальдо 7 млрд. АҚШ доллары көлемін құрады», - деді ол, сыртқы экономикалық байланыс туралы. Аймақтың Беларус Республикасымен ынтымақтастығына қатысты, мұнда өсім көрсеткіші байқалды, өткен жылғы сыртқы сауда айналымының қорытындысы бойынша көрсеткіш 25 пайызға өсіп, 150 млн. доллар көлемін құраған. Облыста беларустардың қатысуымен 7 кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. «Біздің Қазақстанға, оның ішінде Қарағанды облысына сапарымыз екі мақсатты қамтиды ? дағдарыс жағдайында тәжірибе алмасу, сондай-ақ, беларус өнімдерін қазақстан рыногына шығару», - деді В.Семашко. Вице-премьер ынтымақтастықты дамытудың бірқатар бағыттарын ұсынды: олар, сүт және шырын өнімдерін өндіру техникалары және энергетика саласы. «Егер, тауар айналымы өссе, онда біздің сапарымыздың ақталғаны», деп мәлімдеді ол.Аймақ үшін, Беларус Республикасының ауыл шаруашылығы, коммуналдық және жол техникаларын шығару жөніндегі тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырып отыр, деді облыс әкімі.Беларус делегациясының өкілдері «Қазақмыс» корпорациясының басшыларымен кездесті. Компания «БелАЗ» техникаларын пайдаланатындықтан, бұдан арғы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Корпорация басқармасының төрағасы Эдуард Огай беларустықтарға бірлескен қызмет көрсету бағдарламасын құруды ұсынды. Оның айтуынша, бұдан да басқа жобалар бар.Одан кейін, беларус делегациясы «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ы металлургиялық комбинатында болып, ондағы №4-ші балқыту-құю цехының жұмысымен танысты.
Соңғы жаңалықтар