Қарағанды облысының билік көздері ЖЭС-3-те болған апатты жою жұмыстарын бақылауына алды

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«2012 жылдың 12 ақпанында № 1-7 қазандық агрегаттары, № 1-5 турбоагрегаттары жұмыс істеді. Станса 505 МВт жүктемесінде болды. Ал сағат 11:35-те № 3 қазандық агрегаты мен № 3 турбоагрегат қорғау әрекетімен тоқтатылды. Сағат 13:45-те жүктеме толық түсіріліп, 1,2,4,5 турбоагрегаттары мен № 1,2,4,5,6,7 қазандық агрегаттары тоқтатылды. Сондай-ақ ВЛ ЖЭС-3 - Оңтүстік-Шығыс 110 кВ электр қуатын беру желісі сөндірілді», - делінген хабарламада.
Апатқа ашық үйлестіру жабдығындағы (АҮЖ) ажыратқыштардың мұздауы себеп болған.
«АҮЖ-ғы ажыратқыштарды кешенді зерттеу бойынша шаралар қолданылды. Сағат 14:42-де АҮЖ-нің жеке қажеттіліктеріне 220 кВ кернеу берілді - энергия жүйесімен байланыс қалпына келтірілді. 15:55-те ПЭН-1 сорғысы іске қосылды, № 2 турбоагрегат пен № 6 қазандық агрегатын іске қосуға дайындық жүргізілуде. Сағат 16:20-да № 1 қазандық агрегаты жағылды», - деп атап өтілген хабарламада.
Апат салдарынан Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс және Майқұдық шағынаудандарының жылумен қамтылуы нашарлады.
Оқиға орнында апаттық-жөндеу бригадалары жұмыс істеуде. Билік көздерінің ақпаратынша, стансаның электр жүктемесінің жылу желісі режимін қалпына келтіру шамамен таяу уақытта жүзеге асырылады.