Қарағанды облысының бірқатар елді мекендерінде төтенше жағдай жарияланды

ТЖ жою бойынша азаматтық қорғау қызметі, ішкі істер органдары, жол ұйымдарының өкілдері кіретін облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасуда.
Облыс әкімінің бұйрығымен әкімдіктерге адам өлімін болдырмау және ТЖ әкелер зардабын төмендетуге бағытталған сақтандыру шаралар кешенін өткізуге байланысты міндеттер қойылды. Қарағанды облысының ІІБ қыс мезгіліндегі ТЖ жоюға негізделген шаралар жоспарына сәйкес қазіргі уақытта барлық бағыттар бойынша, барлық көлік түрлеріне жолдар жабық. Облыстың көлік жолдарындағы қозғалыстың шектелуіне байланысты өткізу бекетінде тоқталтылғанм - 1163 бірлік техника, оның ішінде 988 жүк көліктері, автобустар - 30, жеңіл көлік - 145, сонымен қатар: Осакаровка ауданында - жүк көліктерінен 150 бірлік техника Қарағандыда - 300 бірлік техника, оның ішінде жүк көліктері - 240 бірлік техниа, жеңіл көлік -50 бірлік техника, автобус - 10 бірлік техника. Ақсу-Аюлыда - 330 бірлік техника, жүк көліктеріне - 268 бірлік техника, жеңіл көлік - 45 бірлік техника, автобус -17 Балқашта - 303 бірлік техника, жүк көліктері - 250 бірлік техника, жеңіл көліктері -50 бірлік техника, автобустар - 3 бірлік техника. «Спасск» аумағында - жүк көліктерінен 80 бірлік техника (ТЖД бөлімщелерінің күшімен 20 жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды). Авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға ІІБ, әкімдіктердің және жол қызметтерінің күші мен құралдары 7 ауданда жұмылдырылды. Қар құрсауынан шығарылған 357 жеңіл және жүк көліктері, 20 автобус, құтқарылғандар саны 208 адам, сонымен қатар 15 бала және қауіпсіз жерге көшірілген 365 адам. Қар кептелісін тазалауға 192 бірлік техника жұмылдырылды, сонымен қатар, республикалық деңгейдегі жолдарды тазартуға 43 бірлік техника, ал облыстық деңгейдегіге - 44 бірлік техника және ТЖ Департаментінің, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің, ІІД, ҚР Қорғаныс Министрлігінің 36352,22224 әскери бөлімдерінің, ҚР Ұлттық Ұлан 52859 әскери бөлімінің күші мен құралдарының күші мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 105 бірлік техника мен 308 адам, олардың ішінде ТЖ Департаментінің жеке құрамынан 140 адам мен 50 бірлік техника жіберілді, оны ңшңнде 3 темір тісті техника (МТЛБ, РТТБ), өтуге мүмкіндігі жоғары көлік ТРЭКОЛ - бірлік, соынмен қатар вахтовка автокөлігі - 7 бірлік. Аталмыш жағдайға байланысты Абай, Шет, Осакаровка және Бұқар-Жырау аудандарының аумағында төтенше жағдай жарияланды. Әкімдіктердің тарапынан зардап шеккен адамдарды тамақтандыру жан-жақты қамтылған, сонымен қатар тасымалданатын малдар жеммен қамтамасыздандырылған.