Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі болып бұрын Шахтинск қаласын басқарған Сержан Аймақов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сержан Аймақов 1989 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Түрлі лауазымдарды атқарды.

90-жылдары Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары болды, Қарқаралы ауданы Салық комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2000-2007 жылдары Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Кейін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болды.

Сондай-ақ Қарқаралы және Осакаров аудандарының әкімі болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шахтинск қаласын басқарды.

Бұқар жырау ауданының әкімі Шағурашид Мамалинов зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар