17:49, 15 Мамыр 2015 | GMT +5
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Б.Әбдішевтің қамалу мерзімі 23 маусымға дейін ұзартылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін күдікті болып танылған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің қамауда болу мерзімі 2015 жылдың 23 маусымына дейін ұзартылды, деп хабарлады Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.

«Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылғы 14 мамырдағы қаулысымен қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды», - деді Ә.Жошева.
Ол бүгін шығарылған сот қаулыларымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істің басқа қатысушылары - Қарағанды қаласындағы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Ернар Дәрібековті, «Қазақстан өнеркәсіп бірлестігі» ЖШС бас директорының бұрынғы орынбасары Әлжан Ақмолдаевты, «Металлургия-металл өңдеу» индустриялық паркі» ЖШС-ның бұрынғы директоры Анатолий Эссені қамауға алу мерзімдері де бір айға ұзартылғанын қосып айтты.