Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Б. Әбдішевтің қамау мерзімі бір айға ұзартылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің қамақ мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлады Қарағанды Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.
None
None

«Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Б. Әбдішевтің қамақ мерзімі 2015 жылғы 23 ақпанға дейін бір айға ұзартылды», - деді А. Жошева.

Қамақ мерзімі тергеу бөлімінің өтініші бойынша ұзартылмақ, осылайша, Б. Әбдішев бес ай қамауда болады.

Б. Әбдішевтің төрт айлық қамау мерзімі 2015 жылғы 23 қаңтарда аяқталады.

Еске салсақ, Қарағанды облысының экс-әкіміне «Ауыр салдарға әкелген қызметтік міндетін теріс пайдалану» ҚР ҚК 307-бабы 4-бөлімі бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша Әбдішев жолға төсейтін плита шығаратын «ЕуроСтандарт Қарағанды» ЖШС зауытының мүддесін пайдаланған. Іс материалдарына сәйкес кәсіпорын оның танысының атына ресімделген. «ЕуроСтандарт Қарағанды» ЖШС мен «Мәдениет, демалыс, саябақтар басқармасы» КМК арасындағы 2012 жылғы қаңтар мен мамырда жасасқан екі шарттың сомасы 1,2 млрд. астам соманы құрайды.

Еске салсақ, Б. Әбдішев Қарағанды облысының әкімі болып 2013 жылы қаңтарда тағайындалған. 2014 жылғы маусымда өз еркімен отставкаға кетті.

Соңғы жаңалықтар