Қарағанды облысының Доскей ауылында клубтың шатыры жанып кетіп, жартылай құлап қалды
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнынан хабар 09.14-те келіп түсті. «Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ғимарат шатырынан шығып жатқан қою түтінді байқады. Өрт 700 шаршы метрді алды, кейбір жерде шатыр жартылай құлады», - делінген хабарламада.
Өртке 3-ші дәрежелі күрделілік мәртебесі берілді. Оны ауыздықтау екі сағаттан астам уақытты алды. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 50 адам жеке құрамы мен 11 бірлік техникасы тартылды.
Алдын ала болжам бойынша, өрт клубқа іргелес орналасқан қазандықтан тараған. Нақты себебі мен келтірілген шығын анықталуда.
«Клуб ғимаратында би залы, тренажер залы мен мейрамхана орналасты. Ғимара іші тек өртті сөндіру кезінде пайдаланылған судан ғана зақым шекті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.