Қарағанды облысының халқына денсаулық сақтау саласында 6,3 пайыз, білім беруде 13,5 пайыз көлемдегі қызмет көрсетілген

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы денсулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі кіріс көзі бюджет қаражаты болып табылады, халықтың қызмет үшін төлеген үлесі сәйкесінше 6,3 және 13,5 пайызды құрайды,
None
None

деп хабарлайды статистика департаменті.

Статистикалық мәлеметтерге сай, 2010 жылдың екінші тоқсанында денсаулық сақтау мекемелері жалпы сомасы 9,5 млрд. теңге көлемінде қызмет көрсеткен. «Білім беру мекемелеріндегі көрсетілген қызмет құрылымында негізгі кіріс көзін бюджеттік қаражат құрайды, оның үлесі 90,7 пайыз (8,5 млрд. теңгеден астам). Көрсетілген қызмет үшін халықтың төлеген үлес салмағы 6,3 пайызды, (592,1 млн. теңге) кәсіпорындардың үлесі 3 пайызды (283,9 млн. теңбге) құрайды», - деп нақтылады облыстық статистика департаментінде. Сараптама көрсетіп отырғандай, көрсетілген қызметтің 54,4 пайыздық үлесі ауруханалар есебіне келеді.

Статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың екінші жартысында аймақтағы білім беру мекемелері 16,1 млрд.теңге көлемінде қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, бюджеттік қаржыландырудың үлесі 84 пайызды құрайды (13,5 млрд. теңге), халықтың төлеген қаражаты - 13,5 пайызды құраса, кәсіпорындлардың үлес салмағы 2,5 пайыз болған.

Соңғы жаңалықтар