Қарағанды облысының кардиоорталығында ашылған жаңа корпус операциялардың санын көбейтуге мүмкіндік береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сау ұлт қана серпінді дамитын мемлекет құра алатынын үнемі айтып отырады. Сондықтан денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып табылады, ол сапалы медициналық көмектің әрбір Қазақстанның азаматына қолжетімді болуына бағытталды.
None
None

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қарағанды облысында да денсаулық сақтау жүйесі тұрақты дамып келеді. Жылдан-жылға қаржыландыру өсіп, жұмыс істеп тұрған емдеу мекемелері қалпына келтіріліп, жаңалары салынуда.

Мұндай мекемеге облыстық кардиохирургиялық орталық жатады, ол жерде жуырда жаңа операциялық-реанимациялық корпус ашылды.

20 тамызда бұл жерге Қарағанды облысысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков келіп, олардың қызметімен танысты.

Бірегей жобаның жалпы құны 1,8 млрд. теңге, оның ішінде 1,2 млрд. теңгеге заманауи медициналық жабдық сатып алынды.

Жүрек-қан тамырлары хирургиясы мен интервенциялық кардиология заманауи медицинада сұранысқа ие болып, серпінді дамығандықтан жаңа мекеме салу қажеттілігі туындады.

Қарағанды облысында жүрек-қан тамырлары патологиясымен науқастарды хирургиялық емдеуге сұраныс жыл сайын 11-12 мың ота жасауды талап етеді. Заманауи операциялық-реанимациялық блокты пайдалануға енгізудің арқасында ота санын жылына 2500-ден 5000-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Операциялық жансақтау корпусына ота блогы, жансақтау және қарқынды терапея бөлімшесі, балалар кардиохирургия блогы, ересектерге арналған жүрек-қан тамырлары хирургиясы, өткір миокрад инфарктісі, клиникалық зертхана, қабылдау бөлмесі, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі кіреді.

Ота жасау бөлімшесінің бірегейлігі таза үй-жай мен емдеу газдарын автономдық беру жүйесін қамтиды. Таза үй-жай жүйесіне тазартылған ауа беру, оңтайлы температура мен ылғалдылықты қолдау, бактерияға қарсы жамылғы кіреді, бұл хирургиялық араласу аймағында мұнтаздай тазалыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

- Жаңа ота-жансақтау корпусын пайдалануға енгізу денсаулық сақтаудың әлеуметтік маңызды бағыттарын дамыту бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырманы нақты іске асыру болып табылады, оған кардиохирургия да жатады, - деп атап өтті мекемені қарап шыққан Н. Әбдібеков.

Соңғы жаңалықтар