Қарағанды облысының Кеден одағы елдерімен сауда көлемінің 59 пайыздан астамын экспорт құрайды

ҚАРАҒАНДЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Қарағанды облысының Кеден одағы елдерімен 2012 жылғы өзара сауда айналымы 2831,5 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады облыстық статистика департаментінен.
None
None

2011 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 17,2 пайызға артты. «Өзара сауда көлемінің 59,3 пайызын (1679,4 млн. АҚШ доллары) экспорт құрайды, импорттың көлемі 40,7 пайызды (1152,2 млн. АҚШ доллары) көрсетті», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар