Қарағанды облысының кеденшілері бірінші тоқсанда республикалық бюджетті 15,6 млрд. теңгеден астам сомамен толықтырды

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бірінші тоқсанда кеден салығы мен төлем бойынша болжамдық тапсырма 103,9 пайызға орындалды. Мемлекеттік бюджетке 15,6 млрд.-тан астам қаржы аударылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша КБД-нің баспасөз қызметі.
Өтелген төлем мен салықтардың жалпы сомасынан экспорттық баж салығы 9 млрд. теңгені немесе 58 пайызды құрады.
Департаменттің берген ақпаратына сәйкес, бірінші тоқсанда қарағандылық кеденшілер 15 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде кеден төлемдері мен салық төлеуден жалтару және экономикалық контрабанда бойынша 9 оқиға бар. «Контраба жолымен әкелінген тауарлардың құны шамамен 350 млн. теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 90 әкімшілік іс қозғалды, оның қаралымының нәтижесінде кеден органы және сотпен бюджет есебіне 3,7 млн.-нан астам теңге айыппұл алынды.