Қарағанды облысының Киевка кентінде Сәкен Сейфуллинге ескерткіш ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде ақын, жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы,
None
None

қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші ашылды, деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, мәдениет қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Сондай-ақ С. Сейфуллиннің туыстары мен соның атындағы астаналық мұражайдың басшылығы шақырылды.

С. Сейфулиннің мүсіні - биіктігі 3,7 метр, ол 2 метрлік тұғырға қондырылған. Ескерткіштің авторы - қарағандылық мүсінші Бейбіт Мұстафин. Оны дайындауға аудандық бюджеттен 24 млн. теңге бөлінді.

Киевка кентінде С. Сейфуллин атындағы көше бар. Сондай-ақ оның есімі Ахметауыл ауылының орта мектебіне берілген.  

Соңғы жаңалықтар