Қарағанды облысының моноқалаларында 2020 жылға дейін 150 млрд. теңгенің 10-нан астам инвестициялық жобасы жүзеге асырылмақ

ҚАРАҒАНДЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының сегіз моноқаласында 2020 жылға дейін 150 млрд. теңгеге 10-нан астам ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.
None
None

Бұл туралы бүгін Теміртауда өткен моноқалаларды дамыту бойынша республикалық көшпелі семинар-кеңесте облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

Билік өкілдерінің есебі бойынша, облыстың моноқалаларын дамытуға 2020 жылға дейін 494 млрд. теңге қажет. Соның ішінде республикалық бюджет қаражаты қажеттілік 311 млрд. теңгені құрайды, қалған 166 млрд. теңге - жекеменшік инвестициялар.

«Өнеркәсіптік өнімнің көлемі кем дегенде 10 пайызды құрайтын болады. Моноқалалардың экономикасын ұзақмерзімді әртараптандыру үшін жалпы сомасы 150 млрд. теңгеге 10-нан астам ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Оларда 3 мыңға жуық жұмыс орны құралады», - деді Ә. Құсайынов.

Сонымен қатар облыстың моноқалаларында жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың санын 4 есеге арттырып, 8000-ға жеткізу жоспарлануда. «Шағын және орта бизнес субьектілерінен бюджетке түсетін түсімнің көлемі кем дегенде 40 пайызға өседі.  Орташа айлық жалақы орташа алғанда 2 есеге артады. Әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымының жағдайы жақсара түседі», - деп атап өтті өңір басшысы.

Қарағанды облысында Елбасының және Үкіметтің қолдауының арқасында Жезқазған, Сәтбаев қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қабылданып, іске асырылуда.

«Бүгінгі күні бізбен экономикалық зерттеу институтының кеңестеріне сай келетін 2020 жылға дейін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарлар жобасы жасалды», - деп атап өтті Ә. Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар