Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ардагерлерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінде жүйрік аттар сыйланды

ҚАРАҒАНДЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ардагерлерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінде бір-бір жүйрік ат сыйланды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов хабарлады.
None
None

«Биылғы жылы облыстағы Ұлы Отан соғысындағы барлық ардагерлерге Жеңіс күніне қарсы 50 мың теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Бірақ әрбір аудан оған қоса жеке сыйлықтарын жасады. Нұра ауданының әкімі Құдайберген Бексұлтанов жергілікті кәсіпкерлермен ардагерлерімізді қалай лайықты құттықтауға болатыны туралы талқылады, себебі біздің ауданымызда олардың бесеуі ғана қалды», - деп баяндады А.Аймағамбетов.

Ардагерлерге бір-бір жылқыдан сыйлау ұсынысы жасалды, өйткені Қазақтарда батырларға жүйрік ат сыйлау бұрыннан бері бар. Кәсіпкерлер бұл идеяны қолдады.

Соғыстың әрбір ардагеріне сыйлыққа жылқы дайындалды, бірақ ардагерлердің тілегі де ескерілді. Өйткені олардың арасында шаруашылықты жеке жүргізе алмайтын жалғызбасты ардагерлер де бар. Жылқыдан бас тартқан ардагерлерге 200 мың теңге көлемінде ақша берілді», - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.

Қалай да болса сыйлық үшін арналған жүйріктерді әрбір ардагердің үйіне әкелді. Естелікке фотосуреттерге түсті.

«Бұл сұлу атты қуана алып кетуші едім. Өйткені балалық шағым аттардың арасында өтті. Әкемнің үлкен шаруашылығы бар еді. Онда жылқылар да, ешкілер де, түйелер де болған. Ал қазір денсаулық жоқ, аяқ-қолдарым ауырады. Ал балалар алыста, ұлым - Жезқазғанда, екі қызым - Германияда, тағы біреуі Қырымда тұрады», - деді Алашапан атты қара атқа сүйсіне қараған Киевка кентінің ақсақалы  Иван Старчевой.

Иван Иванович шыдамай, атты ерттеді. «Сыйлыққа берілген ақшаға велосипед алғым келеді. Менің велосипедім бар, бірақ рамасы мен үшін тым биік. Мүмкін, өзіме ыңғайлы велосипед табармын. Ал қалғанын зайыбым екеуімізге дәрі-дәрмектер аламын. Онымен бірге отау құрғанымызға 65 жыл толды», - деп атап өтті ардагер.

Соңғы жаңалықтар