Қарағанды облысының өкіметі эстон делегациясына теміртаулық ақ қаңылтырды импорттау мүмкіндігін қарауды ұсынды

АҒАНДЫ.   Қыркүйектің  8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -    Эстон  Республикасының    премьер-министрі Андрус Ансип бастаған      делегация Қазақстан  Республикасына   ресми  сапарының  аясында, сейсенбі күні Қарағанды  облысында  болды.
None
None

Облыстық әкімдікте  болған  кездесуде    өзара сауда-экономикалық  ынтымақтастықты  дамытудың  перспективалары талқыланды.   Облыс әкімінің  бірінші  орынбасары Расул  Оразғұлов  қонақтарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы  туралы   әңгімелеп берді.  «Біз  сіздерге    «АрселорМиттал  Теміртау» компаниясы  өндіретін ақ қаңылтырды  импорттау  мүмкіндігін   қарауды ұсынамыз»,   деп  эстон  тарабына ұсыныс жасаған   Р.Оразғұлов,  «аймақтың   ынтымақтастыққа ашық  екенін,    қарым-қатынастарды  дамытуға  барлық жағдай жасалғанын»  жеткізді.

А.Ансип    мырза  өзінің жауап сөзінде,   ынтымақтастықтың  бірнеше   перспективалық  бағыттарын  атады. Оның айтуынша, Эстония    ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  қолдану,   сондай-ақ   ыстық сланецтен  электр қуатын өндіру салаларында  қазақстандықтармен  өз   тәжірибесін   бөлісе алар еді.   Эстон  премьері  сондай-ақ,     эстон аумағы арқылы,   теңіз  айлақтарына  шығу   мүмкіндіктерінің арқасында  қазақстандық  тауарлардың    транзитін  арттыруға  да мүмкіндіктің бар  екенін    айтты.   Ауыл шаруашылығы  саласында  да  әріптестік  қатынастар  орнатудың  мол  мүмкіндігі  бар,  деп  санайды Эстония Үкіметінің  басшысы.

«Саяси тұрғыда  біз  әрқашан   өте жақсы серіктес болып  келдік.  Біз  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде  Қазақстанға  қолдау көрсетеміз.   Біздің саяси   қатынастарымыз   жақсы   өрістеуде.    Бизнестік  қарым-қатынасты  да   жоғарырақ   деңгейге   көтере алатынымызға сенімдімін.    Эстондық  іскер  топтар    қарым-қатынасқа мүдделі»,- деп мәлім етті А.Ансип.

Облыстық  әкімдіктегі кездесу     аймақтың бірқатар  кәсіпорындарының  қызметімен танысумен   жалғасты.  Эстон   делегациясы    базасында республикалық    ілкі   фармацевтикалық   кластер      құрылған  «Фитохимия»     ғылыми-өндірістік  орталығында  болды. Одан кейін  қонақтар  «Эфес-Қарағанды» компаниясының сыра   қайнату  зауытына бет  алды.  Бүгін  кешке    олар  сондай-ақ,  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық  зауытында  болып,     ондағы   ыстық  мырыштау  және  алюминдеу   цехының  жұмысымен  танысады.

Соңғы жаңалықтар