Қарағанды облысының өкіметі фармацевтикалық компаниялармен келісім жасады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облыстық әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және фармацевтикалық компаниялар өзара меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Келісімнің мақсаты - фармацевтикалық рыноктағы бағаны тұрақтандыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, деп атап көрсетті тараптар. «Облыс нарығында жұмыс істейтін бес фармацевтикалық компания теңге девальвациясымен байланысты қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауда. Олар осынау меморандумға сәйкес, әлеуметтік жағынан қорғалмаған халық санатын дәрі-дәрмекпен, сырқаттарды тегін және жеңілдікпен қамту мәселесін (дәрігерлердің рецептері бойынша) жылдың соңына дейін жеткізуді өз міндеттеріне алып отыр», деп мәлім етілді меморандумға қол қою рәсімінде.
Соңғы жаңалықтар