16:19, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Қарағанды облысының өңірлік жалпы өнімі 2,6 трлн. теңгені құрады - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Қарағанды облысының өңірлік жалпы өнімі өсіп келеді және бүгінде бұл көрсеткіш 2,6 трлн. теңгені құрады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың твиттердегі парақшасында. Сондай-ақ оның айтуынша, аймақта назар аударылуы тиіс мәселелер де жоқ емес.