Қарағанды облысының өткізу пункттерінде жолда 1500-дей көлік кептеліп қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы өткізу пункттерінде автожолдарда күрделі ауа райына байланысты 1500-дей көлік бөгеліп қалды, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.
None
None

«Қарағанды облысында тас жолда апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қазір республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» жолы жабық. Облыс жолдарында көлік қозғалысының шектелуіне байланысты өткізу пункттерінде 1487 бірлік техника кептеліп тұр: 1112 жүк көлігі, 55 автобус, 320 жеңіл көлік, оның ішінде Осакаровка ауданында - 450 көлік», - делінген хабарламада.

Астана жақтан көліктер саны қосылғаны, Ошағандыдан Батпаққа дейін жол жабылатыны атап өтіледі.

«Осакаровка-Қарағанды жолында қосымша техниканы тарта отырып, жол қызметтері қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа 11 бірлік техника тартылды. «Спасск» ауданында 5 техника қар құрсауында қалса, оның 2-еуі істен шыққан. Құтқару қызметтері 74 жүк көлігін шығаруға, бір жолаушылар автобусына көмек көрсетті, «Спасск ауданына» 21 бірлік техника, 64 адам жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

ТЖД ақпаратына сәйкес жол тазалау жұмыстарына барлығы 124 бірлік техника жұмылдырылды. Облыс аумағынан 494 жеңіл және жүк көлігі және 21 автобус қар құрсауынан босатылып, 450 адам (24-і бала) құтқарылды, 840 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды.

«Абай, Осакаровка, Шет, Бұқар Жырау аудандарындағы жекелеген ауылдар аумағында жергілікті ауқымдағы жарияланған төтенше жағдай әлі де өз күшінде», - деп қосты ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствода тәулік бойы зардап шеккендер үшін «жедел желі» жұмыс істеуде екенін хабарлады. Ол жерде ағымдағы жағдай туралы білуге де болады. ТЖД баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес жедел желіге соңғы тәулікте 50-ден астам қоңырау түскен. Жақындарының жағдайы жайлы туысқандары хабарласқан.

Соңғы жаңалықтар